Мәжіліс Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты. ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, депутаттың өзі кету туралы өтініш берген. Оның өтінішін депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдады. “Артық айтқан сөзім болса кейбір әріптестерімнен кешірім сұраймын” деді Тілеухан мәжіліс жиыны кезінде. Ол енді бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы вице-президенті қызметін атқарады. Негізгі кеңсесі Стамбулда. Бекболат Тілеухан – парламентте ұзақ отырған шенеуніктердің бірі. Өзінің айтуынша, “мәжілістің үш шақырылымында бес жыл депутат болған”. Сәрсенбі күні ол “мәжілістен кетсе де, “Нұр Отаннан” кетпейтінін, саяси көзқарасы өзгермегенін” айтты.