Қазақстандықтар қаңтар айында 13 күн демалады

Елімізде қаңтардың 1 мен 2-сі күндері Жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады. 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Сол себепті жұрт 3-і мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі күні демалады. Өйткені мереке күндері сенбі мен жексенбіге тура келгенде демалыс келесі күндерге созылады. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады.