Пара алған мектеп директоры 7 жылға сотталды

Ақтөбеде №71 мектеп директоры міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды. mgorod.kz-ның мәліметінше, білім беру мекемесінің басшысы мектепке жұмысқа тұрғызу үшін бірнеше рет ақша алған. Бірінші рет алған пара 200 000 теңге болса, кейін тағы 100 000 теңге пара алған. Сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Шешім қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығы да, сотталушының жас балаларды тәрбиелеп отырғандығы да ескерілді.