Құжатқа сәйкес Алматыда карантин күшейтілмейді. Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбі күндері жабық болады. Жеке тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін, шоттар бойынша төлемді 22:00-ге дейін жапқан жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ашық базарларға жұмыс күндері және демалыс күндері, жабық базарларға – жексенбіден басқа барлық күндері жұмыс істеуге болады. Театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне де рұқсат етілген. Тек келушілерге залды толтыру деңгейі 20% -дан аспауы тиіс. Қоғамдық көліктер жұмыс істей береді, автобустардың уақыты шектелмейді.