Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі әсері туралы айтты

Ол елімізде “Спутник V” вакцинасын салдырған алғашқылардың бірі болды. “Вакцина екі кезеңнен тұрады. Екінші доза 21-ші күні салынады”, – деді Қиясов журналистерге. Оның айтуынша, вакцинацияның нәтижесі үшін барлық жауапкершілік өндірушіге де, тікелей медициналық мекемеге де жүктеледі. Денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайды бөлек зерттейді. Әр өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының жанынан типтік емес реакцияларды тексеру бойынша арнайы комиссиялар құрылады”, – деді вице-министр. Ол вакцина алу режимді сақтаудан босатпайтынын айтты.