Билікті бермеймін, мені ол үшін сайламады – Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко биліктен кетпейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі. “Маған “билікті бергісі келмейді” деген айып жиі тағылады. Сын орынды. Бірақ халық мені ол үшін сайлаған жоқ. Сіздер де биліктің иесісіздер, оның бір бөлігісіздер. Билік адамға оны қолға алып, тастай салу үшін берілмейді”, – дейді Лукашенко. Сонымен қатар, мемлекет басшысы наразылық білдірушілердің жетегінде кетпейтінін, билікті ешқашан бермейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ол прокурорларды өз жағында болуға, егер олай жасай алмаса, жұмысқа кедергі келтірмеуге шақырды.