Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелеріне өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, ҰБТ тапсыруға келген түлектің өзімен бірге алып кіруіне тыйым салынатын заттар тізімі кеңейді. Енді Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесін тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады. Сонымен қоса калькулятор, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттерді де кіргізуге болмайды. ҰБТ тапсыру ғимаратында электр жарығы өшсе немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажор жағдайларда, тестілеу уақытша тоқтатылады және басқа күнге ауыстырылады. Тест басталғаннан кейін 120 минут өткен соң берілетін үзіліс 15 минуттан 3 минутқа дейін қысқартылды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға тест тапсыру үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі.