Билл Гейтс адамдарды жаппай чиптеу туралы қауесетті жоққа шығарды

Миллиардер, Microsoft компаниясының негізін қалаушы мұндай іспен өмірінде айналыспағанын жеткізді деп хабарлайды 24 kz.

Осы ретте Гейтс халықтың қалыпты өмірге қайта оралуының жалғыз жолы коронавирусқа қарсы вакцина екенін айтты. Билл Гейтс өзінің жұбайы Мелинда Гейтс екеуі коронавирусқа қарсы вакцинаны жасап шығару үшін 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлген.

Оның айтуынша, қазір коронавирус Оңтүстік және Орталық Америкада өршіп тұр. Нигерия мен Оңтүстік Африкада да жұқтырғандардың саны артуда. Еуропа пен АҚШ-та таралуы төмендегенімен, вирус толықтай жойылған жоқ. Тек Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және Сингапур ғана індетпен күресте жетістікке жетті деуге болады.