Билл Гейтстің әкесі қайтыс болды

Билл Гейтстің әкесі қайтыс болды. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің әкесі Уильям Гейтс 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Гейтс өзінің блогында хабарлады. «Қайғы жұтып отырмыз, бірақ ол кісіге деген алғысымыз да шексіз. Осы уақыт аралығында әкем секілді тамаша жан қасымызда болды, оның ақыл-кеңесін естіп өстік. Сондықтан да, өзімізді жолы болғандардың қатарына қосамыз», – деп жазды миллиардер. New York Times басылымының мәліметінше, Уильям Гейтстің қазасына Альцгеймер ауруы себеп болған.