Бір күнде 2 мыңнан астам адамнан коронавирус пен “пневмония” анықталды

Кеше, 13 қазанда Қазақстанда 1985 адамның коронавирус тесті оң шықты. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 268 адамға көп. Сәрсенбі күні 1895 адам Covid-тен айықты. Бір күнде тіркелген науқастардың үштен бір бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына келеді. Өткен тәулікте Алматыда – 350, Нұр-Сұлтанда 270 адамнан коронавирус анықталған. Індет басталғалы бері Қазақстанда 910 мың адамның коронавирус тесті оң шыққан. 852 мыңы айыққан. 11 644-і қайтыс болған. 12 қазанда коронавирустан 31 науқас көз жұмған.