Бір күнде 47 науқас коронавирус пен “пневмониядан” қайтыс болды

Вирустың таралу қарқыны бойынша Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Өткен тәулікте өңірде 45 адамнан дерт анықталған. Сонымен, «қызыл» аймақ санатында қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды, Павлодар облыстары қалып отыр. «Сары» аймақ санатында: Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Өзге өңірлерде эпидахуал тұрақты. 29 қыркүйекте Қазақстанда 2252 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 327 адамға көп. 28 қыркүйекте 47 адам көз жұмды.