Карантин тәртібі қайта күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі күшейтілді. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша оқушылар сарайы, фитнес клуб, караоке, боулинг орталықтары қайтадан жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойын-сауық кешендері, сауда үйлері мен барлық базарлар кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Қоғамдық көліктерге де шектеу қойылды. Балабақшаларда тек кезекші топтар қалады.

Ал жазғы лагерьлер, кинотеатрлар ашылмайтын болды. Халыққа қызмет орталықтары қайтадан онлайн форматына ауысты. Бүгін облыста тағы 15 адамнан ауру анықталды. Жұқпалы дерттің таралуына байланысты Тайынша қаласы карантинге жабылды.