Биыл психикалық ауытқуы бар 1 000 бала санаторий-курорттарға жіберіледі

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Ол 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған қосымша шаралар қолға алынатынын айтты. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен гигиеналық құралдардың (жөргектердің) нормативі 2 есеге көбейтіледі. Жоғары сапалы катетермен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 328 млн теңге бөлінді. Бұл жоба 7 өңірде жүргізіледі.