Бизнесті тексеруге мораторий алына ма – Жамаубаевтың жауабы

Қазақстанда кәсіпкерлерді тексеруге мораторий 2023 жылға дейін сақталады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, былтыр қазақстандықтардан сауда операциялары кезінде чек бермегені үшін 19 мың шағым түскен. Қаржы министрлігінің мәліметінше, онлайн бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын кәсіпкерлердің тең жартысы үнемі чек шығара бермейді. “Өкінішке қарай, мемлекеттік кірістер комитетінде осындай заңбұзушылықтарға ден қою тетіктері жоқ. Осыған байланысты қазір біз чек бермейтін жауапсыз салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылау алгоритмін пысықтап жатырмыз”, – деді министр. Бизнесті тексеруге мораторий президент тапсырмасымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылға енгізілген.