«Болашақ» түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады. Бұл туралы “Халықаралық бағдарламалар орталығының төрағасы хабарлады. Әнуар Жанғозиннің айтуынша, стипендиатқа университет, демеуші не жұмыс беруші қосымша қаржы бөлген жағдайда оның қызметтегі өтеу мерзімі қысқармақ. Болашақ бағдарламасы стипендиаттың сапар ақысын, визалық төлемдерін, медициналық сақтандыру, ай сайынғы стипендиясы мен оқулыққа бөлінетін қаражатын өз мойнына алады. Сонымен қатар, медицина, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, шет тілін жетік меңгермеген медицина мамандары бір жылға тілдік курсқа жіберіледі. Сондай-ақ инженерлік-техникалық сала мамандарының оқуға түсуіне жағдай жасалды.