Ол мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қорының тәуелсіз директоры болып сайланды. “Самұрық-Қазына” АҚ Қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында кандидаттарды ашық конкурстық іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында он адам бар: жеті азаматтық қоғам өкілі және қордың үш өкілі. Кеңес қордың, оның портфельдік компанияларының қызметіне қоғамдық бақылау жасайды. Әр жылдары Болат Жәмішев қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразия даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды. Экономика ғылымдарының кандидаты.