Алакөлдегі өрттен 7 демалушы медициналық көмекке жүгінді

Фото: nege.kz

Демалыс үйлерінің бірінде тұтанған қызыл жалын бүгін таңертең 5.40-та бірақ сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Тілсіз жаумен күреске 186 адам мен 29 бірлік техника, Тарбағатай ұлттық паркі мен Алматы облысының Төтенше жағдай департаментінің мамандары да, тіпті демалушылар да жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша 3000 шаршы метр аумақ отқа оранған. Төрт демалыс базасының түгі қалмай жанып кеткен. Абырой болғанда, адамдар дін аман.