ҰБТ-2020: Грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі грантқа немесе ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін қандай шекті балл қажет екенін хабарлады.

Ұлттық университеттерге түсу үшін кем дегенде 65 балл, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек;

білім салалары бойынша: “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар”, “Ветеринария” – кем дегенде 60 балл;

“Педагогикалық ғылымдар” – кемінде 70 балл;

“Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)” – кем дегенде 65 балл. ҰБТ уақыты 10 минутқа ұлғайтылды.