Цой коронавирустан кісі өлімінің күрт артуының себебін түсіндірді

Цой коронавирустан кісі өлімінің күрт артуының себебін түсіндірді. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, оған дельта-штамның таралуы себеп. Бұл штамм адам ағзасында әлдеқайда ауыр өтеді. Әсіресе созылмалы дерті барлар және вакцина алмағандарда, — деді министр. Айта кетейік, ресми статистикада тек Covid-тен қайтыс болғандар көрсетіледі, оған коронавирус инфекциясын жұқтыру салдарынан қосымша ауруы қозып, көз жұмғандар кірмейді.