Дәрігер, косметолог косметиканы пайдалану неге қауіпті екенін түсіндірді

Дәрігер, косметолог косметиканы пайдалану неге қауіпті екенін түсіндірді. Алексей Едемскийдің айтуынша, жасөспірімдер 12-13 жастан бастап, декоратив косметикасын жиі пайдалана бастайды деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. Содан бетті жиі тазартады. Косметиканы көп қолданған адамның терісі төзімділігін жоғалтады. Соның салдарынан кез келген косметикалық өнімге реакция бере бастайды. Тері қызарады, қышиды және бөртпелер пайда болады. Дәрігер мұны емдеу өте қиын екенін ескертті. Айтуынша, көптеген косметикалық өнімнің компоненттері тұрмыстық химия заттарымен сәйкес келеді.