Ресей билігі Алексей Навальныйды қасақана уландыруға қатысты мәлімдеме жасады

Ресей билігі Алексей Навальныйды қасақана уландыруға қатысты мәлімдеме жасады. Мұндай қадамға бару Ресей басшылығы үшін тиімсіз делінген елдің сыртқы істер министрілігінің сайтында. Бұған дейін АҚШ билігі Навальныйды қасақана уландыру дерегі расталса, америкалықтар Еуроодақтың бұл істі толық тергеуге үндеуін қолдайтынын жеткізген деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, 20 тамызда Алексей Навальный Томск қаласынан Мәскеуге бет алған ұшақта өзін нашар сезінген. Соның салдарынан ол Омсктегі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Артынша екі күннен кейін оппозиционерді емдеу үшін Германияға жеткізді. Неміс дәрігерлерінің тексеру нәтижесі оның уланғанын көрсетті.