Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның өліміне қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, экс-сенат спикері Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның өмірден өтуіне қатысты пікір білдірді.

Жазба Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарық көрді.

“Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз”, – делінген жазбада.

Еске сала кетсек, өткен түнде Ұлыбритания астанасында 30 жасқа қараған шағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған.