Вакцинаны әзірлеу бойынша Қазақстан ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) мен Америкадағы Огайо штатының университеті бірлесе жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. . Халықаралық вакцинация орталығының директоры Қайсар Табыновтың айтуынша, жасалып жатқан вакцина мұрынға себу арқылы қолданылады. Қазір препарат клиникаға дейінгі тестілеу сатысында: ол зертханалық жануарларға сынақтан өткізілуде. Осылайша, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі тексеріледі.