ДДСҰ Қазақстанда коронавирусқа қарсы жасалып жатқан жаңа инновациялық вакцинаны үміткер ретінде тіркеді

Вакцинаны әзірлеу бойынша Қазақстан ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) мен Америкадағы Огайо штатының университеті бірлесе жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. . Халықаралық вакцинация орталығының директоры Қайсар Табыновтың айтуынша, жасалып жатқан вакцина мұрынға себу арқылы қолданылады. Қазір препарат клиникаға дейінгі тестілеу сатысында: ол зертханалық жануарларға сынақтан өткізілуде. Осылайша, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі тексеріледі.