Ақмола облысының тағы үш ауданында құстар қырыла басталды

Құстардың қандай себеппен қырыла бастағаны әлі белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оқиға Ақмола облысының үш ауданы – Зеренді, Бұланды және Целиноград ауданында орын алып отыр деп хабарлайды “Хабар 24” телеарнасы. Бұл аудандардағы құстардың қырылу себебі зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болады, зерттеу қазір Нұр-Сұлтанда жүргізіліп жатыр. Карантин әзірге облыстың бір ғана ауылында, яғни Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылында жарияланды. Қазір сол жерде астанадан арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр, дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Ветеринарлардың айтуынша, құс фабрикаларында жағдай тұрақты.