ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырмауға кеңес береді

ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырмауға кеңес береді. Ұйымның келтірген дәйегі бойынша, толықтай вакцина салдырған адамдар вирустың «дельта-штамын» жұқтырып алса, оның жеңіл түрімен ауырады немесе ауру симптомсыз өтуі мүмкін. Вакцинациялау деңгейі төмен мемлекеттерде ауруханаға жатқызылғандар мен өлім-жітім саны артып жатыр. ДДСҰ-ның ғылым жөніндегі басшысы Сумья Сваминатан: “Әр түрлі өндірушілер өндірген вакциналарды араластырып салу да қауіпті”,- деді.