ДДСҰ: Әлемде коронавирус індетінің үшінші толқыны басталды

Әлемде коронавирус індетінің үшінші толқыны басталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, әлемде қатарынан төрт апта коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп жатыр. Коронавирустан қайтыс болғандар да көп. ДДСҰ өкілдерінің пікірінше, 111 елде анықталған Covid-тің “дельта” штамы індеттің өршуіне себеп болып отыр. Жақын арада ол коронавирустың негізгі түріне айналады. Әлемде індет басталғалы бері 187 миллионнан астам адам коронавирус ауруына шалдыққан. 4 миллионнан астамы қайтыс болған.