Депутаттар каникулға шықты

Фото: voxpopuli.kz

Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады. Енді Сенат пен Мәжіліс депутаттары демалысқа шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламентте бесінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті. Сессия барысында палаталардың 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 41 жалпы отырысы өткізіліп, онда 296 мәселе және Сенаттың 25 жалпы отырысы қаралды, онда 165 мәселе қаралды. Бесінші сессия кезінде екі палатаның жұмысында 161 заң жобасы болды, олардың 98-і қабылданды. Бүгінгі таңда Парламент қабылдаған заңдардың 86-на Президент қол қойып, олар заңды күшіне енді.