Әділет министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сараптамалардың барысы туралы түсінік берді

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша барлығы 12 сараптама тағайындалды. “Заңға сәйкес сараптама 30-ға дейін жүргізілуі мүмкін. Орындалған соң белгіленген тәртіппен ішкі істер министрлігіне жібереміз. Сараптама 30 күн ішінде аяқталуға тиіс. Қалғаны қылмыстық процестің құпиясы”, – деді Әділет министрі Азамат Есқараев.