Діндер съезіне қатыспаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев шара қонағымен мешітте кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің конгресіне қонақ боп келген “Әл-Азхар” университетінің бас имамы Ахмед ат-Тайебпен мешітте кездесті. Бұл жөнінде 16 қыркүйекте Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. “Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін астанадағы бас мешітке барды” деп жазды Үкібай. 14 қыркүйекте астанада болған Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің конгресіне 2000-жылдардың басында осы съезді құрған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев қатыспаған еді.