Дизель отынының бағасы литріне 176 теңге болады

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған баға осындай деді энергетика министрі Болат Ақшолақов. Дизель отынымен қамтамасыз ететін негізгі ресурс иелерімен консультациялар өтті. Оның қорытындысы бойынша биылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы тоннасына 212 мың теңгеге тең болмақ. Министр Ақшолақовтың айтуынша, жеткізу мен сақтау құнын ескере отырып, болжамды баға шекті бекітілген бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30 пайызға арзан болады. Дизель отынына деген қажеттілік 400,26 мың тонна деңгейінде бекітілді.