Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов қызметінен босатылды

Сенатқа тиісті ұсынысты мемлекет басшысы енгізген. “Жанғұттинов сот үкімі бойынша қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасады деп танылды. Бұл үкім заңды күшіне енді”, – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп. Жанғұттинов былтыр желтоқсан айында істі болған еді.