Шымбұлақ маңында бес рет қар көшкіні жүрді

Фото: pixabay.com

Соның салдарынан бір адам қаза тапқан. Ол шаңғы теуіп жүріп, көшкінге тап болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Таңертең курорт құтқарушыларына Комби-2 сегізінші баған аумағында көшкін жүргені туралы хабар түскен. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қар көшкіні маңынан денені тапқан.”Шаңғышы шала жансар күйде табылды. Ол сырғанауға рұқсат етілген таңбаланған трассалар шегінен шығып, қоршау арқылы сырғанаудан тыс аймаққа ұшып кеткен. Ер адамда қар көшкін жабдықтары болмаған. Ол бас жарақатын алған. Курорт әкімшілігі отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады”, – деді курорттың баспасөз қызметі.