Дональд Трамп алюминий мен болат импортына 25% баж салығын енгізді

Дональд Трамп алюминий мен болат импортына 25% баж салығын енгізді. Бұл — үлкен іс, Американың қайтадан бай елге айналуының басы, – деді Дональд Трамп тарифтер жөніндегі бұйрықтарға қол қою кезінде. АҚШ президенті Трамптың жаңа баж салықтарына Еуроодақ елдері тарапынан жауап қайтарылуы мүмкін. Трамп америкалық тауарларға баж салығын енгізетін елдерге де «өзара тарифтер» жариялайтынын жеткізді. Еуропалық комиссия тарифтер туралы ресми хабарлама алмағанын атап өтті. Бірақ Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро ЕО енгізілген кез келген баж салықтарын «қайталайтынын» айтты.