ДСМ көлік құралдарын басқару құқығын алуға медициналық тексеруден өту ережелерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды

“Өтінім берушілерді медициналық тексеруге терапевт, мамандар осы ереженің 5-тармағында көрсетілген психологиялық белсенді заттарды қолдануға биологиялық ортаны тексеру кіреді”, – делінген жаңа бұйрықта. Осылайша жаңа ережелерде флюорографиядан өту туралы талаптар жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Комиссия құрамына: терапевт, окулист, оториноларинголог, медициналық психолог не психолог және нарколог маман кіреді. Медициналық комиссия штатында мамандар болмаса комиссия құрамына медициналық ұйым басшыларының келісімі бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі.