Егер туған күніңізде шотыңызға туыстардан ақша түссе, сіз тәуекелдерді басқару жүйесіне тіпті де кірмейсіз

Фото: PIXNIO

Осы ретте, журналистер вице-министрден тексерістен қарапайым халық зардап шекпей ме деп сұрады. Мысалы, қазақстандықтарғаа туған күн кезінде мобильді аударымдар арқылы ақша аударылуы мүмкін. “Егер туған күніңізде шотыңызға туыстардан ақша түссе, сіз тәуекелдерді басқару жүйесіне тіпті де кірмейсіз. Ал егер сіздің туған күніңіз күн сайын және бес реттен болса, бұл күмән туғызады”, – деп жауап берді Сұлтанғазиев. Жаңа түзетулер қазіргі салық салу режиміне әсер етпейді. Яғни кәсіпкерлердің салығы көбеймейді. “Бұл жерде заңды айналымды көрсету ғана сөз болып отыр”, – деп атап өтті шенеунік. Түзетулер әлі күшіне енген жоқ, заң президенттің қарауына жолданды.