Екі ірі қалада митинг өткізуге арналған орындар белгіленді

Олар – Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Әр мегаполисте бейбіт жиын өткізуге төрт орын бекітілді деп хабарлайды Sputnik.

Белгіленген жердің басым бөлігі саябақтар мен гүлзарлар. Шеру өткізуге арналған орындарды пайдалану тәртібі мен қатысушылар саны бойынша норма енгізілді. Норма Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес “Ашық НҚА” (НҚА – нормативтік-құқықтық актілер) порталында жарияланды. Нормативтік-құқықтық актілер порталында пикет өткізу ережелері де жарияланды.

Бір азаматтың белгілі бір жерде және статикалық (қозғалыссыз) түрде пикет өткізуіне рұқсат беріледі. Плакат, транспаранттар және өзге де үгіттеу құралдарын пайдалануға болады. Пикет ұзақтығы бір жерде, бір нысанда күніне екі сағаттан аспауы керек.