Екі мұғалімге жас қыздарды зорлады деген айып тағылды

Фото: v-kurse.ru

Алматы облысы Үштөбе қаласында екі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 16 жастағы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы полицейлерге жәбірленушілердің ата-аналары хабарлаған. Қазір күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, дене тәрбиесінен сабақ беретін жігіттер дос-жаран. Оларға бойжеткендерді бір емес, бірнеше рет зорлады деген ауыр айып тағылып отыр. Зардап шегушілердің біреуі колледжде, ал екіншісі мектепте оқиды.