Екібастұзда 71 үй жылу жүйесіне қосылды

Бұл туралы жедел штабтың жетекшісі – премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлайды. Оның айтуынша, қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіріп жатыр. Еске салайық, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіруге 851 адам жұмылдырылған.