Екібастұзда ер адамды атып кетті

Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды адамдардың көзінше атып өлтірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кісі өлтіру сәті бейнебақылау камераларын түсіп қалған. Оқиға болған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 1960 жылы туған ер адам бірден көз жұмған. Ол “Кегок” АҚ-да электромонтер болып жұмыс істегені хабарланды. Күдікті қара киімде болған, медициналық маска мен көзілдірік таққан. Полиция департаменті оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.