Үкімет атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға сый жасайды

Коронавирустың таралуын төмендету үшін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы таратылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі хабарлады. “Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу деңгейін төмендету мақсатында осы жылдың маусымына дейін табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 145 мың медициналық дәрі-дәрмек қобдишасы тегін жеткізіледі”, – делінген ведомство сайтында. Жиынтық құрамына термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар мен стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.