Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыз жүреді

Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыз жүреді, хабарлайды Авторадио Казахстан.

Қазақстанда жолаушылар пойыздарының қатынауы үш кезеңде басталады: Бірінші кезең – 1 маусымнан; Екінші кезең – 10 маусымнан бастап. 2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады.

№22/21 “Қызылорда – Семей” және №6941/6942 “Ақтоғай – Достық” пойыздары құрамындағы “Алматы – Достық” пойыздарының вагондары; №121/122 “Нұр–Сұлтан – Семей” және №6941/6942 “Ақтоғай – Достық” пойыздары құрамындағы “Нұр-Сұлтан – Достық” пойыздарының вагондары. 12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 “Нұр-Сұлтан – Достық” пойызы қатынайды. Одан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық жағдайды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін: №13/14 “Алматы – Достық”, аптасына 3 рет; №258/257 “Нұр-Сұлтан – Достық”, аптасына 2 рет; №453/454 “Алматы – Достық”, аптасына 3 рет; №457/6941//6942/458 “Семей – Шар – Достық”, күнара; №459/6941//6942/460 “Өскемен – Шар – Достық”, күнара. Егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, ҚТЖ қосымша вагондар бөлуге дайын.