Екінші тоқсанда оқушылар сабақты мектепте оқи ма?

Екінші тоқсанда оқушылар сабақты мектепте оқи ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят жауап берді. “Мектеп жұмысының форматы санитария дәрігерлерінің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Дәстүрлі білім беру жүйесіне оралу мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол комиссияның құрамына білім және ғылым министрлігінің өкілдері де кіреді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешіледі”, – деді Ажар Ғинаят.