Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Елбасы оқшауланды, деп хабарлайды Avtoradio.kz. Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен.

“Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшауланды.

Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр” делінген хабарламада.