Елдe инфляция 4%-ке дейін төмендейді

Елдe инфляция 4%-ке дейін төмендейді. Мұндай нәтижеге алдағы үш жыл ішінде жету жоспарланып отыр. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент экономика өсіміне қатаң, бірақ теңдестірілген макроэкономикалық саясат, жеке секторды қолдау, азаматтар алдында әлеуметтік міндеттемелерді орындау есебінен қол жеткізілетінін айтты. “Мұндай стратегия бюджет шығыстарын қатаң бақылауды, тиімсіз жеңілдіктер мен субсидияларды алып тастауды, төмен инфляцияны сақтау мен теңгенің еркін бағамын көздейді. Қазыналық салада бюджет шығыстары оңтайландырылып, мұнайға қатысты емес тапшылық азайтылады, ұлттық байлық әділ бөлінетін болады. Нәтижесінде бюджеттің мұнай емес тапшылығы, үкіметтің есебі бойынша, 2025 жылға қарай 6%-тке тең болады. Ал жалпы тапшылық 3%-тен аспайды”, – деді мемлекет басшысы.