Елде отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады

“Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады”, – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүргенін айтты.