Еліміз ауасы ең ластанған 40 елдің қатарында тұр

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскемендегі көшпелі отырыста осылай деді. «Өскемен еліміздегі ауасы ең ластанған қалалардың бірі. Сол себепті комиссия отырысы осында басталды. Ауа сапасы халықтың өмір сүру сапасына әсер етеді. Жыл сайын кәсіпорындар зиянды шығарындыларды азайтып келеді, бірақ экология мәселесі әлі де өзекті», – деді Мәулен Әшімбаев. Өңір бойынша ауаны ластаушы кәсіпорындар қатарында – “Казцинк” ЖШС ең алдыңғы қатарда. Шығарындылар 24,3 мың тоннаға тең. Бұл жалпы шығарындылардың 47 пайызы. Арайы қондырғы орнату арқылы күкірт диоксиді шығарындылары 1600 тоннаға азайды.