Елімізде АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылау өтеді

Онда станцияның салу аумағын таңдау мәселесі қаралады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады. Энергетика министрлігінің басшысы былтыр тексерілген реактор технологиясын жеткізушілер тізімі жасалғанын еске салды. Олар Қытай (CNNC), Ресей (Росатом), Корея (KHNP), Франция (EDF) елдері. “Биыл реактор технологиясын таңдау жүргізіледі. Атом электр станциясын орналастыру үшін Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды”, – деді Ақшолақов ведомствоның алқа отырысында.