Елімізде алдағы күндері 32 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

Синоптиктер 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Метеорологтардың мәліметінше, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Осыдан кейін суық ауа массаларының әсірінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік жартысында түнде сынап бағанасы -25-32 градусқа дейін, орталықта -15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде -10-18 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.