Халық мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған. “Мамандар ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – деді корпорация баспасөз қызметінің өкілдері.